Ел тарихында тұңғыш рет: Тоқаев Рыбакинаны құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел тарихында тұңғыш рет: Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Ел тарихында тұңғыш рет: Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шықты.

  • 8 Шiлде 2022
  • 1034
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!", — деп хазды Тоқаев Twitter- де.

Ол жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте чемпионы румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Бұған дейін екі кездесудің үшеуінде Халеп басым түскен болатын.

Бірінші партияның нәтижесінде қазақстандық бір брейк жасап, 6:3 есебіне қол жеткізді.

Екінші сетте Елена 2:0 есебімен алға шықты, бірақ Халеп есепті теңестіре алды. Соған қарамастан, Рыбакинаның қарқыны бәсеңдемеді.


Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан тұңғыш рет Уимблдон жарысының финалына өтті.

Ол Ұлыбритания ашық чемпионатының финалында әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесу өткізеді. Жабер жартылай финалда әлемдік рейтингіде 103-орында тұрған германиялық Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңген.

Соңғы жаңалықтар