Елдос Сметов IJF рейтингінде бірден 10 саты жоғарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдос Сметов IJF рейтингінде бірден 10 саты жоғарылады

Елдос Сметов IJF рейтингінде бірден 10 саты жоғарылады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты.

  • 31 Мамыр 2018
  • 73
Фото - Caravan.kz


Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов 10 саты жоғарылап, 11-орынға көтерілді. деп жазды vesti.kz порталы.

Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, Гран При жарысында І орын алған дзюдошы — 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошыға — 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады.

Хухотодағы Гран-При жарысында Елдос жеңімпаз атанды. Финалда қос қазақ кездесіп, Ғұсман Қырғызбаевтан айласын асырып кеткен еді. Күміс жүлдеге ие болған Ғұсман өзінің 7-ші орнын сақтап қалды. Ал бұл 60 кг салмақ дәрежесінде жапон дзюдошылары Рюдзю Нагайама мен Наохиса Такато көш бастап тұр.

66 кг салмақта қола жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов 10 орынға жайғасты.

Жаңартылған рейтнгтегі қазақстандықтар (TOP-50):

60 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3501)
Елдос Сметов – 11 (2523)

66 кг

Елдос Жұмақанов – 10 (2797)

73 кг

Жансай Смағұлов – 9 (2668)

90 кг

Ислам Бозбаев – 12 (2372)

-100 кг

Виктор Демьяненко – 38 (961)

Соңғы жаңалықтар