Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты.

  • 12 Тамыз 2025
  • 32
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1/8 финалға жолдама алу үшін өткен матчта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 12-сатысында тұрған бельгиялық Элиза Мертенсті 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 2 сағат 12 минут өнер көрсетті. Кездесу барысында Рыбакина 11 эйс жасап, тоғыз қос қателікке жол берді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымында Елена Рыбакина АҚШ өкілі, әлемнің 6-ракеткасы Мэдисон Кизбен кездеседі.