Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентекті ұтып, мансабында алғаш рет Australian Open-2023 турнирінің ширек финалына шықты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Prosports.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Рыбакина екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасады.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф (АҚШ) – Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін