Елена Рыбакина көрме турнирінде әлемдік теннис жұлдыздарымен бірге өнер көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакина көрме турнирінде әлемдік теннис жұлдыздарымен бірге өнер көрсетпек

Елена Рыбакина көрме турнирінде әлемдік теннис жұлдыздарымен бірге өнер көрсетпек

19-24 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) Дүниежүзілік теннис лигасының жаңа көрме турнирі өтеді. Оған ерлер мен әйелдер арасында теннис жұлдыздары, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакина да қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport.kzпорталына сілтеме жасап.

  • 2 Қазан 2022
  • 336
Фото - Caravan.kz

16 ойыншы төрт командаға бөлініп, топтық жүйеде ойнайды. Жарыстың соңғы күні жеңімпазды топтың екі басшысы анықтайды. Барлық матчтар жекелей және аралас жұптар бойынша үшінші сеттің орнына чемпиондық тай-брейкпен үш сеттік форматта ойнатылады.

Қазіргі уақытта ATP турдың келесі өкілдері Дубайда өнер көрсетуді жоспарлап отыр: Новак Джокович, Александр Зверев, Ник Киргиос, Доминик Тием, Феликс Огер, Григор Димитров және Гаэль Монфилс.

Әйелдер арасында Рыбакинадан бөлек, Ига Свентек Анетте Контавейт, Паула Бадоса, Симона Халеп, Арина Соболенко және Бианка Андрееску қатысуға келісті.


Ойыншылар командаларға бөлінетін турнирдің жеребе тарту рәсімі 1 қарашада өтеді.

Соңғы жаңалықтар