Елеусінов WBC-дің бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елеусінов WBC-дің бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

Елеусінов WBC-дің бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

 

  • 18 Қараша 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz


Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы Елеусінов 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО) болмақ. Ол бұрын WBC Continental Americas чемпионы болған. Кездесу он раундқа жоспарланған. Елеусінов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте Нью-Йоркте америкалық Решард Хикске (12-1-1, 6 КО) қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген. Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) қолғап түйістіреді.
 

Соңғы жаңалықтар