Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды

Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды

Соңғы рет қазақстандық қарашада жекпе-жек өткзген.

  • 18 Ақпан 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com сайтында жарияланған ақапарат бойынша, 15 наурызда қазақстандық боксшы Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында мексикалық Карлос Хименеспен жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

29 жастағы Хименес үшін бұл кәспқойдағы 25-ші жекпе-жегі болады. Мексикалық 14 жеңіске жеткен (8 нокаут), тоғыз рет жеңілген (бір нокаут) және бір қарсыласымен тең түскен. Соңғы рет ол 2018 жылы 13 қазанда жұдырықтасып, канадалық Матье Жерменнен (16-0-1, 8 КО) жеңілген еді.

Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Габриэль Росадо және Олимпиада чемпионы болған ирландиялық боксшы қыз Кэти Тэйлордің де жекпе-жектері өтеді.

Еске салайық, соңғы рет Елеусінов былтыр қазанда Монакода жұдырықтасқан. Қазақстандық үшінші раундта никарагуалық Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді. Кәсіпқой рингте 27 жастағы Елеусіновтің есебінде бес жекпе-жек бар, боксшы барлығын жеңген. Оның үшеуін нокаутпен.

Соңғы жаңалықтар