Елімізде теңге ілуден Азия чемпионаты мен асау үйретуден республикалық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде теңге ілуден Азия чемпионаты мен асау үйретуден республикалық турнир өтеді

Елімізде теңге ілуден Азия чемпионаты мен асау үйретуден республикалық турнир өтеді

Тамыз айының 30-ы күні Астана қаласында орналасқан «Қазанат» атшабарында қазақтың ұлттық ойыны - теңге ілуден І ашық Азия чемпионаты өтеді.

  • 11 Тамыз 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Дүбірлі доданы «Нұр Отан» партиясы қолдап, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік етеді.

Аталмыш ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан қатарлы он шақты республика спортшылары бақ сынайды деп күтілуде.

Сондай-ақ теңге ілу сайысымен қатар жүген-құрық тимеген шу асауды ер-тоқым салмай, жүген-құрықсыз жайдақ мініп, бастықтыру жарысы өтпек. Бұл жарыс еліміздің ұлттық спорт тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Асау үйретуге әзірге әр облыстан бір-бір үміткер қатысады, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.


Соңғы жаңалықтар