Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жиынға еліміздің әр өңірінен 80 балуан қатысып жатыр. Олардың дені құраманың негізгі спортшылары, ел чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жас балуандар.
«Aлғашқы жаттығулардың біріне Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы пен спорт директоры Жандос Сайқанов қатысып, балуандарға бапкерлер алқасын таныстырған.
Осылайша еркін күрестен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы толық жасақталды.
Бас жаттықтырушы — Данияр Қайсанов
Аға жаттықтырушы — Аслан Байгулов
Жаттықтырушы — Нұрлан Бекжанов
Жаттықтырушы — Жігер Зәкіров
Жаттықтырушы — Камал Гаджимагомедов», — делінген федерация мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін спорт журналисі Аслан Қаженовтың еркін күрестен ұлттық құрамаға бірде-бір шәкірт тәрбиелемеген Данияр Қайсановтың бас бапкер болып тағайындалғанын қатаң сынағаны туралы жазған едік.