Жарияланды: 510

Ермұхамет Ертісбаев ҚФФ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының қызметіне тағайындалды

Ермұхамет Ертісбаев ҚФФ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының қызметіне тағайындалды

ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхан Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының қызметіне тағайындалды,

деп хабарлады Vesti.kz. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен аталмыш ұйымның бас хатшысы Саян Хамитжанның журналистермен кездесуі барысында қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің директоры Ермұхан Ертісбаев таныстырылды. Ертісбаев Ермұхамбет Қабыдинұлы (1956 жылы 19 қарашада дүниеге келген) ҚР-ның мемлекеттік қайраткері, саяси мәселелер бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі, 2006-2008 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болды, саясат ғылымдарының докторы, профессор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін