Ертең АҚШ-та өтетін жекпе-жек алдында кәсіпқой боксшылар салмақ өлшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең АҚШ-та өтетін жекпе-жек алдында кәсіпқой боксшылар салмақ өлшеді

Ертең АҚШ-та өтетін жекпе-жек алдында кәсіпқой боксшылар салмақ өлшеді

АҚШ-тың Анкасвилл қаласында Астана уақытымен 16 сәуірде таңертең өтетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті, - деп

  • 15 Сәуiр 2017
  • 328
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың Анкасвилл қаласында Астана уақытымен 16 сәуірде таңертең өтетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті, — деп хабарлайды "Профи Бокс Казахстана".

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (7-0, 3 КО) америкалық Шон Кэмеронмен (10-2, 5 КО) жұдырықтасады. Екеуі де бірінші орта салмаққа лайық болды (154 фунт — 69,9 келі). Жекпе-жек форматы — үш минуттан 8 раунд.

Қазақстандық тағы бір боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) мексикалық Хавьер Ольверамен (1-0, 1 КО) алты раундқа созылатын кездесуге шығады. Боксшылар орта салмақ лимитіне лайық болды (160 фунт — 72,6 келі).



Еске салайық, бокс кешінің басты жекпе-жегі кубалық Саливан Баррера (18-1, 13 КО) мен АҚШ боксшысы Пол Паркердің  (8-1, 4 КО) кездесуі болады. Баррера Андре Уордтан (31-0, 15 KO) жеңілгеннен соң бапкер Абель Санчестің қоластынан кеткеннен кейін осымен екінші жекпе-жек өткізгелі отыр.
 

Соңғы жаңалықтар