Есей Жеңісұлы: Рио олимпиадасы біз үміттенген үдеден шығып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есей Жеңісұлы: Рио олимпиадасы біз үміттенген үдеден шығып жатыр

Есей Жеңісұлы: Рио олимпиадасы біз үміттенген үдеден шығып жатыр

 

  • 10 Тамыз 2016
  • 598
Фото - Caravan.kz

Рио олимпиадасы біз күткен, болжаған, үміттенген үдеден шығып жатыр. Белгілі спорт комментаторы Есей Жеңісұлы Caravan.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцецег Галбадрах жарыс қарсаңында фавориттер қатарында аталды және сол сенімді ақтады. Халықаралық федерацияның шешімімен зілтеміршілер сапынан 4 үздік бірдей шығарылып, жолдаманың екеуі қайтарылып алынса да, А.Ни шәкірттерінің олқы болмасына сенгенбіз. Олар да қос қола алып, әзірше мерейімізді тасытып отыр. Енді алтын сыйласа, тіпті керемет болар еді.

Боксшыларымыздың қатарынан біреуі ғана жарыстан шығып қалды. Басқалары жақсы келе жатыр. Жүзгіш Дмитрий Баландиннің бір емес, екі финалға шығуы да үміт шоғын үрлей түсті.

Алдағы күндері үш секіргіш Ольга Рыпаковадан, боксшыларымыздан жүлде күтеміз. Балуандар да бұрынғы нәтижесін жаңартып жатса жаман болмас еді. Дегенмен біз медаль күтетін ауыр атлетика, бокс, күрес қатарына биыл жүзу (жалғыз адам болса да), дзюдо қосылғаны көңілге медет. Ескекшілеріміздің жолына қарағыштап едік, олар финалға да іліне алмай жатыр. Дегенмен олимпиаданың аяқталуына әлі оншақты күн бар.


Соңғы жаңалықтар