Жарияланды: 40

ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады

ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады

ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады. Олар жас әрі мықты.

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN журналының латынамерикалық редакциясының журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдріді. 

"Садриддин Ахмедов - болашағы өте зор боксшы. Оның ең басты басымдығы - жас екенінде. Ол тәжірибе жинақтап жатыр және уақыты жетерлік. Оны үйрену уақыты шектемейді. Чемпиондық жекпе-жекке бір-екі немесе үш жылдан кейін де шыға алады. Асығыстық жоқ. Ахмедов сұмдық боксшы. Харизмасы бар. Болашағы тамаша болады деген ойдамын. Бастысы көбірек жекпе-жек өткізіп, актив болып қалу. 

Данияр Елеусінов пен Жәнібек Әлімханұлы да биік жетістікке жете алады. Бұл қазақстандық боксшыларда бәрі алда деп ойлаймын. Олар отандастары Геннадий Головкиннің биігіне жете алады", - дейді Барбоза.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін