ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады

ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады

ESPN сарапшысы Головкин деңгейіне жететін қазақ боксшыларды атады. Олар жас әрі мықты.

  • 21 Қаңтар 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN журналының латынамерикалық редакциясының журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдріді. 

"Садриддин Ахмедов — болашағы өте зор боксшы. Оның ең басты басымдығы — жас екенінде. Ол тәжірибе жинақтап жатыр және уақыты жетерлік. Оны үйрену уақыты шектемейді. Чемпиондық жекпе-жекке бір-екі немесе үш жылдан кейін де шыға алады. Асығыстық жоқ. Ахмедов сұмдық боксшы. Харизмасы бар. Болашағы тамаша болады деген ойдамын. Бастысы көбірек жекпе-жек өткізіп, актив болып қалу. 

Данияр Елеусінов пен Жәнібек Әлімханұлы да биік жетістікке жете алады. Бұл қазақстандық боксшыларда бәрі алда деп ойлаймын. Олар отандастары Геннадий Головкиннің биігіне жете алады", — дейді Барбоза.


Соңғы жаңалықтар