Жарияланды: 830

«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

«Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді.

Биылғы «Еуразия Барысы» турниріне Еуропа мен Азиядан сегіз құрама қатысады. Үшінші рет өтетін қазақ күресінің додасы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Бұған дейінгі балуандар командалық сында 5 салмақ дәрежесінде күрессе, биыл 7 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

Бүгін 2015 жылғы ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінде сегіз мемлекеттен жалпы саны 56 балуан қатысатыны белгілі болды. Бұған дейін балуандардың салмақ дәрежесі 60, 70, 80, 90 және + 90 келі болып белгіленген еді. Биыл бұл ереже өзгеріп, балуандар 55, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта кілемге шығады. 

Турнирдің үзілмес дәстүрі бойынша ұйымдастырушы тарап көрермендер арасында лотерея ойындарын өткізуді де жоспарлап отыр. Онда қазақ күресінің жанкүйерлері бағалы сыйлықтармен қатар, ең құнды сыйлық - автокөлікке иелік етпек. Ал турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңге. Бірінші орын алған команда 9 400 000, екінші орын алған команда 5 640 000, үшінші орын алған команда  3 760 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.

Естеріңізде болса, «Еуразия Барысы» турнирі алғаш рет 2013 жылы ұйымдастырылды. Алғашқы жарыста 8 мемлекеттің командасы бақ сынаса, былтыр 12 мемлекеттің балуандары командалық сында өзара мықтыны анықтады. Биылғы  турнирге Моңғолия, Ресей, Польша, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия балуандарымен қатар Қазақстан балуандары командалық сында бақ сынайды. Осыған дейін өзге мемлекеттерден қатысатын балуандардың есімдерін ҚазАқпарат жариялаған болатын. Бүгін Қазақстан намысын қорғайтын балуандардың да есімдері белгілі болды.

Қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне қатысатын қазақстандық балуандар:  

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Айдос Сейпілұлы, (Марат Нығматуллаев, қосалқы құрам)
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Бағдаулет Сәбитұлы, (Ғалымжан Абдрахманов, қосалқы құрам)
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Ринат Махмутов (Айдос Ғалымов, қосалқы құрам)
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Мақсат Мәзібаев (Сұңгат Закарияев, қосалқы құрам)
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Бекзат Ахметбеков, (Асыл Барменов, қосалқы құрам)
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Мұхит Тұрсынов, (Нұрым Сәлімгереев, қосалқы құрам)
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: 
Айбек Нұғымаров (Бейбіт Ыстыбаев қосалқы құрам)

Моңғолия балуандары:

Моңғол балуандары турнирге екі рет қатысып, екеуінде де финалға шықты. «Еуразия Барысы» турнирінің 2014 жылғы жеңімпазы атанды. Моңғол құрамасы сапындағы Сугарджаргал Болдпурев екі жыл қатарынан турнирдің ең ауыр балуаны болды (салмағы 194 келі). «Еуразия Барысы» турниріне моңғол балуандары арасында Хэрлэн Ганболд 3, Монхбат Дагвадорж 1, Ган Тувшинжаргал 2 рет қатысқалы отыр. 
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сумия Батгал
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбол Херлен
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбаатар Одбаяр
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мунхбат Дагвадорж
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ган Тувшинжаргал
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бунддорж Джанчивдорж
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Алтангерел Давааням

Түркия балуандары:

Түркия құрамасы бұған дейін турнирге екі рет қатысты. Алайда олар осы уақытқа дейін «Еуразия барысы» халақаралық турнирінде жүлделі орындарға ие бола алмады. Түркия құрамасының сапындағы Ахмет Озбай, Юнус Емре Байындыр, Мұрат Гемалмаз сынды балуандар «Еуразия Барысына» биыл екінші мәрте қатысқалы отыр. 
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Әлперен Өздемір
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Озканоглу Искендер
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Узун Халил Ибрагим
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гулдурен Илкер
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Турсак Сахин
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Байндир Юнусэмре
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Гемалмаз Мурат

Польша балуандары:

Польша құрамасы биыл Еуропа елдерінің ішінен үшінші рет «Еуразия Барысы» турнирінде бақ сынамақ. Күрес түрлерінен халықаралық жарыстарда оза шауып, жүлде алып жүрген польшалық балуандардың қазақ күресіне де таласы бар. ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Польша командасындағы Бартоломей Гарбачик мен Радослав Козчински осымен екінші рет қатысқалы отыр.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Марек Ваврзкивич
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бартоломей Гарбачик
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Филип Пузыра
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Козчински Радослав
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Трзешнивский Микола
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Пётр Сарек
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Якуб Зарзечны

Ресей балуандары:

Ресей құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне тұрақты қатысып келе жатқан командалардың бірі. Биылғы турнирде олар толық құрамда бақ сынайды.

Көрші ел командасы бұған дейін қола жүлдегер атанды. Бұл жолғы құрамы толық жаңартылғанын айта кетейік. Аса ауыр салмақта Ресей намысын қорғайтын Максим Ширяев есімі қазақ күресі жанкүйерлеріне етене таныс болуы тиіс. Естеріңізде болса, ол  2014 жылы Павлодар қаласында өткен «Әлем Барысы» турнирінің қола жүлдегері атанған болатын. 
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кузьменко Алексей
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Акопян Акоп
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Николаев Сергей
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Перевелюк Андрей
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гусаров Андрей
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Минаков Дмитрий
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ширяев Максим

Грузия балуандары:

Грузия балуандары 2014 жылы «Еуразия Барысы» турниріне алғаш рет қатысып, қола жүлдегер атанды. Карен Арутанян жаттықтыратын Қап тауының балуандары биылғы доданың жүлдесінен үмітті. Грузия құрамасы сапындағы 24 жастағы Заур Гагнидзе «Еуразия Барысына» екінші рет қатысқалы отыр. Ол 2014 жылы Чохелиді еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанған балуан. Сондай-ақ, 2014 жылы самбодан Белоруссия Президенті Кубогының қола жүлдегері. Сонымен қатар, оның құрдасы Георгий Коборидзе де қазақ күресінің додасына екінші рет бақ сынауға келе жатыр. Георгий дзюдодан 2007 жылғы жасөспірімдер арасында Грузия чемпионы. 2010 жылы жастар арасында әлем чемпионатының қатысушысы, 7-орынға тұрақтаған. Қалған балуандар Тараз топырағында өтетін турнирге бірінші рет қатысады. 
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Церцвадзе Иосеб
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Калдани Гиоргий
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мамулашвили Каха
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гагнидзе Заур
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гвиниашвили Паата
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Коберидзе Гиоргий
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Бердзенешвили Бека

Өзбекстан балуандары:

Жалпы, қазақ күресі бойынша халықаралық турнирлерде өзбек балуандары жүлде алып жүр. Оңтүстіктегі көршілеріміздің намысын қорғайтын Әлішер Құдайбердиев «Еуразия Барысы» турниріне былтыр да қатысты. Әлішер дзюдодан Өзбекстанның 2 дүркін чемпионы (2012, 2013) және самбодан Өзбекстан чемпионы атанған (2013). 
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мажидов Лазиз
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бозоров Асадулло
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Расулов Камоладдин
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кудайбердиев Алишер
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Жураев Ильхом
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кусанов Равшан
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Киссомиддинов Мухси

Қырғызстан балуандары:

Бауырлас қырғыз елінің құрамасы «Еуразия Барысына» биыл екінші мәрте қатысқалы отыр. Қырғызстан намысын қорғайтын балуандар осал емес. Күрес түрлерінен халықаралық турнирлерден жүлде алып жүрген спортшылар. Мәселен, былтырғы турнирге қатысушы Мирлан Ералиев самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011 жыл). Қазақ күресінен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2012, 2013 ж.ж.).  Қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2014 жыл). 2014 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған Көшпенділер ойынында қазақ күресінен қола жүлдегер атанды. Қырғыз құрамасының қатарындағы Нұрбек Раймалы улы  да «Еуразия Барысына» екінші рет қатысады. Ол да осалдар қатарынан емес. Бұған дейін белбеу күресінен екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2010, 2011 жыл). Белбеу күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2010, 2011). Белбеу күресінен универсиада чемпионы (2013 жыл, Қазан қаласы). 2014 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған Көшпенділер ойынында  қазақ күресінен жеңімпаз атанған.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кулынбек Естебаев
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бозоров Асадулло
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мирлан Ералиев, Кененбек Шамшидин улы
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мадияр Нуркалык улы
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Нурбек Раймалы улы
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Тылек Куралов
100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Стихин

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін