«Еуро-2012»: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 2:1 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуро-2012»: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 2:1 есебімен жеңді

«Еуро-2012»: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 2:1 есебімен жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

  • 4 Маусым 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

Біздің команда бүгін «Астана Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жерлестеріміздің сапынан екі голды да ойынның екінші кезеңінде, атап айтқанда 57-ші және 69-шы минуттарында құрамаға жаңадан алынған Қостанайдың «Тобыл» командасының шабуылшысы — Сергей Гридин соқты. Осылайша, 3 ұпайды иеленген Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша Әзірбайжанмен теңесті.

Айта кетейік, бұл чех маманы Мирослав Беранек тізгінін ұстағаннан кейінгі біздің команданың «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы екінші, ал жалпы топтық турнирдегі алтыншы ойыны болды. Жерлестеріміз бұған дейін өткізген бес матчтың барлығында да жеңіліп қалған болатын. Атап айтар болсақ, Қазақстан құрамасы өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2. Германиядан 0:4 есебімен ұтылып қалған еді.

Айта кетейік, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Германия, Түркия, Австрия, Бельгия және Әзірбайжан құрамаларымен бірге «А» тобында ойнауда.