Жарияланды: 480

ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің қорытынды матчында Қазақстан Латвия құрамасынан басым түсті

ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің қорытынды матчында Қазақстан Латвия құрамасынан басым түсті

Қазақстан құрамасы Рига қаласында өткен ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің қорытынды матчында Латвия командасынан 1:0 есебімен айқын басым түсті, деп хабарлайды sports.kz.

Айта кетейік, матчтың 65-ші минутында ойындағы жалғыз голды Исламбек Қуат соғып, есеп ашқан еді.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына бес ұпай жинап, А іріктеу тобында бесінші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.

Қазақстан-Латвия, есеп 1:0 (0:0) 

Гол: Қуат 65 (0:1)
Ескертулер: Карашаускас 73 - Қуат 84
Қазақстан: Покатилов, Малый, Смаков, Энгель, Сүйімбаев, Шомко, Логвиненко, Қуат, Досмағамбетов (Қонысбаев 68), Нөсербаев (Гурман 82), Хижниченко (Щеткин 90)
Латвия: Ванин, Максименко, Дубра, Габов, Горкшс, Лайзанс, Вишняков А. (Карашаускас 57), Цауня (Вишняков Э. 72), Зюзин (Икауниекс 83), Шабала, Ракель
Бас төреші: Стивен Маклин (Шотландия)
Ойын 13 қазан күні Рига қаласындағы «Сконто» кешенінде өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін