Жарияланды: 460

Еуропа Лигасының «Атромитос» - АИК матчына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

Еуропа Лигасының «Атромитос» - АИК матчына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

 Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі грекиялық «Атромитос» пен швециялық АИК матчына Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандылық төреші осы маусымда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Астра» (Румыния) - «Инвернесс» (Шотландия) матчында қызмет атқарып, ойыншыларға 4 сары қағаз көрсеткен.

Артем Кучинге тараздық Евгений Бельский мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші - Александр Гаузер (Петропавл).

Айта кетейік, «Атромитос» пен АИК матчы 6 тамыз күні Афиныда өтеді. Командалардың алғашқы ойыны 3:1 есебімен грекиялық футболшылардың пайдасына шешілген еді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін