Жарияланды: 460

Еуропа қазақтарының футбол турнирінде Францияның бірінші құрамасы жеңімпаз атанды

Швециядағы құрылтай аясында өткен Еуропа қазақтарының футбол турнирі аяқталды.

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, бас жүлде Францияның бірінші құрамасының қанжығасында кетті, бұл команда финалдық ойында Түркия командасын 1:0 есебімен жеңді. «Үшінші орын үшін ойында Германия (Кельн) менШвеция футболшылары шеберлік байқасты. Негізгі және қосымша уақытта ойыннан еш нәтиже шыққан жоқ(0:0). Пенальти сериясында сәттілік Германия құрамасының жағында болды (5:3)», - деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. Бұрын хабарланғандай, Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында өткен турнирге Ұлыбритания, Дания, Түркия, Швеция елдерінен сегіз команда қатысты. Франция мен Германиядан (Кельн және Мюнхен) екі командадан қатысты. «Қазақтардың арасында футболдан Еуропаның бейресми чемпионаты деп атайтын турнирәрқашан сәтті өтеді. Әрине, қазақтар бәйге, күрес сияқты басқа жарыстарды ұнатады, бірақ футболды да еуропалықтардан кем сүймейді», - дейді қазақ диаспорасы өкілдерінің бірі Әбдіқайым Кеседжи. Оның пікірінше, еуропалық қазақтардың футбол турнирі құрылтай өткізілетін қалалардың жергілікті тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін