Жарияланды: 190

Евро-2020: Испания мен Швеция тең ойнады

Евро-2020: Испания мен Швеция тең ойнады

Көпшілік асыға күткен матчта есеп ашылған жоқ.

Испания мен Швеция құрамалары Евро-2020 турнирі топтық кезеңінің бірінші ойынында тең ойнады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Севилья қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Испания құрамасы бұл ойында қарсылас қақпасына 13 соққы жасады. Оның тек үшеуі ғана қақпаға тұра ұшты. Ал Швеция болса төрт соққы жасап, оның біреуі қақпаға тура ұшпады.

Еске салайық, бұған дейін бұл Е тобында Словакия құрамасы сенсация жасап, Польшаны жеңген болатын. Қазір сол Словакия көш басында болса, Испания мен Швеция екінші орында бөлісіп тұр. Ал Польша соңғы орында.

Келесі турда енді Испания Польшамен кездессе, Словакия Швецияға қарсы ойнайды.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін