Жарияланды: 600

ФИФА: 2012 жылғы ең үздік 10 гол!

ФИФА: 2012 жылғы ең үздік 10 гол!

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) 2012 жылғы ең үздік 10 голды жария етті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Жанкүйерлер нақты осы 10 голдың арасынан жылдың ең үздік голын таңдайтын болады. Керемет салынған голдардың авторлары келесілер аталды: Гана мен "Удинезе" құрамасының хавбегі Эммануэль Агеманг-Баду, "Ньюкаслдың" жартылай қорғаушысы Хатем Бен Арфа, мадридтік "Атлетико" мен Колумбия құрамасының форварды Радамель Фалькао, «Торонтоның» шабуылдаушысы Эрик Хасли, боливиялық "Насионал Потоси" клубының шабуылдаушысы Гастон Меала, Аргентина мен «Барселона» құрамаларының форварды Лионель Месси, Бразилия мен «Сантоса» құрамаларының шабуылдаушысы Неймар, "Фенербахче" ойыншылары Мусса Соу және Мирослав Стох. Сондай-ақ олардың қатарына Мексика құрамасының футболшы қызы Оливия Хименес қосылды. Жылдың ең үздік голы үшін дауыс беру ФИФА-ның сайтында 14 қараша күні басталды. Ференц Пушкаш атындағы сыйлық иегерінің есімі 2013 жылдың 7 қаңтары күні Цюрихте өтетін марапаттау салтанатында аталады. Айта кетейік, бұған дейін бұл сыйлыққа Криштиану Роналду (2009), Хамит Алтынтоп (2010) және Неймар (2011) ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін