ФИФА: «Алтын допқа» Месси, Роналду және Иньеста үміткер - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА: «Алтын допқа» Месси, Роналду және Иньеста үміткер

ФИФА: «Алтын допқа» Месси, Роналду және Иньеста үміткер

ФИФА биылғы жылдың үздік футболшысы атағына үміткер үш футболшының есімін жариялады

  • 30 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Көп жанкүйер топшылағандай, «Алтын допқа» Месси, Роналду және Иньеста үміткер, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Үздік бапкер атағына үміткерлер үштігі: Моуриньо (Реал), Гвардиола (Барселона), Дель Боске (Испания).

Жылдың үздік голына үміткерлер: Неймар (Сантос), Фалкао (Атлетико), Мирослав Стох (Фенербахче)

Жылдың үздік әйел футболшысы атағына үміткер үштік: Марта (Бразилия), Алекс Морган (АҚШ), Эбби Вамбах (АҚШ).

Сондай-ақ ФИФА биылғы жылдың үздік шабуылшылар тізіміне енетін футболшылардың да есімін тізді. Олардың қатарында мына футболшылар бар:

Это О («Анжи»), Серхио Агуэро, Марио Балотелли (екеуі де «Манчестер Сити) , Криштиану Роналду, Карим Бензема (екеуі де «Реал» Мадрид), Эдинсон Кавани («Наполи»), Дидье Дрогба («Шанхай Шеньхуа»), Радамель Фалькао («Атлетико»), Марио Гомес («Бавария»), Златан Ибрагимович (ПСЖ), Лионель Месси («Барселона»), Неймар («Сантос»), Робин ван Перси, Уэйн Руни (екеуі де «Манчестер Юнайтед»), Луис Суарес («Ливерпуль»).