ФИФА президентінің міндетін атқарушы баспасөз мәслихатында ұйықтап қалды
![]() |
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) басшысының міндетін атқарушы Исса Хаяту 3 желтоқсанда Цюрихте болған ұйымның атқарушы комитетінің баспасөз мәслихатында ұйықтап қалды. |
Бұл туралы The Independent хабарлады.
69 жастағы камерундық шамамен 10 секундтай қалғып кетті. Бұл бейнекамераларға ілікті.
Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Йозеф Блаттерді қазан айында 90 күнге кез келген қызметтен шеттеткен соң Хаяту ФИФА президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2016 жылы 26 ақпанда Цюрихте ұйымның жаңа басшысы сайланады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін