ФИФА рейтингінде Қазақстан 96-орынға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА рейтингінде Қазақстан 96-орынға көтерілді

ФИФА рейтингінде Қазақстан 96-орынға көтерілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футол федерациясының (ФИФА) жаңарған рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 96-орынға тұрақтады. Бұл туралы мәлімет ФИФА-ның ресми сайтында жарияланған.

  • 9 Ақпан 2017
  • 371
Фото - Caravan.kz

Жыл басталғалы Қазақстан футболшылары әлі бірде-бір ресми кездесу өткізген жоқ. Дегенмен, былтырғы жылдың жетістіктері ұлттық құраманың ұпай жинауына оң әсерін тигізген. Нәтижесінде, аталған рейтингте Қазақстан Финляндия құрамасын (97-орын) артқа тастады.

Үздіктер тізімінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. АЛғашқы ТОП-10 командада тек Франция ғана 7-орыннан алтыншыға көтерілген, яғни, Колумбиямен орын алмасқан. Қалған құрамалар өз позицияларын сақтап қалды. Көшті бұрынғыша Аргентина бастап тұрса, екінші орында — әлемнің 5 дүркін чемпиондары бразилиялық футболшылар, ал, үздік үштікті соңғы әлем чемпионы Германия ұлттық құрамасы қорытындылап тұр.

9 ақпанда жарияланған ФИФА рейтингі:


1 (1). Аргентина — 1 635 ұпай,
2 (2). Бразилия — 1 529,
3 (3). Германия — 1 433,
4 (4). Чили — 1 386,
5 (5). Бельгия — 1371,
6 (7). Франция — 1 313,
7 (6). Колумбия — 1304,
8 (8). Португалия — 1240,
9 (9). Уругвай — 1 195,
10 (10). Испания — 1 168,
…96 (98). Қазақстан — 352.

Соңғы жаңалықтар