Жарияланды: 20

Фируза Шарипова мансабының аяқталғанын хабарлады

Фируза Шарипова мансабының аяқталғанын хабарлады Сурет - Vesti.kz

Фируза Шарипова мансабын аяқтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) қолғабын шегеге ілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшының мәлімдеуінше, бұған қаржылық қиындықтар себеп болған. Ол WBC титулы үшін өтуі қажет болған жекпе-жекті ұзақ күткенін, алайда қаржылық және өзге де қиындықтарға байланысты әлі күнгеұйымдастырылмағанын атап өтті. Сондай-ақ Фируза үлкен жекпе-жек өткізу үшін кеткен еңбегі, уақыты мен қаржысының ақталмайтынын айтып, күтуден шаршағанын жеткізді.

Айта кетейік, Фируза Шарипова мансабында 11 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде ұтылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін