Жарияланды: 2100

Фируза Шәріпова жекпе-жек әлеміндегі ең сұлу қыздардың көшін бастады

Фируза Шәріпова жекпе-жек әлеміндегі ең сұлу қыздардың көшін бастады Сурет - allfight.ru

Ресейдің AllFight.ru порталы жекпе-жек әлеміндегі ең тартымды қыздардың рейтингін жасады.



Көш басында қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова (2-1, 1 КО) тұр. Ол рейтингте MMA әлеміндегі бірден төрт боксшыны басып озған.22 жастағы спортшы қысқа мерзімде нағыз сенсацияға айналды, дейді басылым.


"Қазақстаннның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегері. Кәсіпқой боксқа өткен соң, Фируза әлем чемпионы атағын алу үшін тырысып жатыр. Спортшы қыз тек соққыларымен ғана емес,сұлулығымен де оқ бойы озық тұр. Ол туралы әлемдік БАҚ-тар жарыза жазуда. Тіпті спортшыны "бокс әлеміндегі Мария Шарапова" деп атады. Фируза жақында ғана Қазақстанның ең тартымды спортшысы атанып, "Тақтар ойынына" түсуге үміткер болды", - деп тамсана жазады AllFight.ru басылымы.

Ал рейтингте қазақстандық спортшыдан кейін 2-орында америкалық 22 жастағы Пейдж Ванзант тұр.


3-орында америкалық Миша Тейт. 

Рейтингте 4-ші болып UFC экс-чемпионы америкалық Ронде Роузи тұр.



Ал 5-орында ресейлік Анастасия Яньковаға бұйырған.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін