Жарияланды: 350

Флойд Мейвезер Головкинмен кездескісі келетінін мәлімдеді

Флойд Мейвезер Головкинмен кездескісі келетінін мәлімдеді

Америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда жолыққысы келетінін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Әркім өз ойын айтуға құқығы бар деп ойлаймын. Біз Головкиннің қолынан не келерін білмейміз. Әркімнің өз көздегені бар. Шынымды айтайын, ол жайлы ештеңе білмеймін, сондықтан оған қатысты жаман пікір айтудан аулақпын, оған тек сәттілік тілеймін. Әттең, орта салмаққа көтеріле алсам, Головкинмен кездесер ме едім?!”, – дейді ол.

Сонымен бірге сұхбат барысында боксшы қазақстандықтың бойынан ерекше бір дарынды байқамағанын жасырмады.

“Оның бойынан ерекше бір дарынды көргенім жоқ. Бір ғана ерекшелік, ол рингке шыққанда қарсыласын жеңу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды екен», – дейді Мейвезер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін