Forbes Головкиннің табысын есептеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Forbes Головкиннің табысын есептеді

Forbes Головкиннің табысын есептеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-ші орында тұр.

  • 6 Маусым 2018
  • 102
Фото - Caravan.kz

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең қымбат табыс табатын 100 спортшының жаңа рейтингін құрастырды. Онда атлеттердің жарты жылда тапқан табысы көрсетілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-ші орында тұр. Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы — соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы. 

Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-ші (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа 25-ші (39 миллион) орынға жайғасты. Толық тізімді мына жерден көре аласыз.

Forbes рейтингінің үздік ондығы мынадай:

1. Флойд Мейвезер (бокс) — 285 миллион доллар (275 миллионов — жалақы, 10 миллионов — жарнама);

2. Лионель Месси (футбол) — 111 миллион (84+27);

3. Криштиану Роналду (футбол) — 108 миллион (61+47);


4. Конор МакГрегор (аралас жекпе-жек) — 99 миллион (85+14); 

5. Неймар (футбол) — 90 миллион (73+17)

6. ЛеБрон Джеймс (баскетбол) — 85,5 миллион (33,5+52);

7. Роджер Федерер (теннис) — 77,2 миллион (12,2+65);

8. Стефен Карри (баскетбол) — 76,9 миллион (34,9+42); 

9. Мэтт Райан (америкалық футбол) — 67,3 миллион (62,3+5);

10. Мэттью Стаффорд (америкалық футбол) — 59,5 миллион (57,5+2).

Оқи отырыңыз:

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

 

Соңғы жаңалықтар