Франция: Денис Тен Гран-придегі өнерін аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция: Денис Тен Гран-придегі өнерін аяқтады

Франция: Денис Тен Гран-придегі өнерін аяқтады

Францияның Гренобль қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Гран-придің бесінші кезеңінде қазақстандық Денис Тен сегізінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 19 Қараша 2017
  • 684
Фото - Caravan.kz

Денис Тен еркін бағдарлама бойынша 144,87 ұпай жинады. Ол қысқа бағдарламада 83,70 ұпай еншілегенін хабарлаған болатынбыз. Осылайша, көрсеткен екі өнерінің нәтижесінде 228,57 ұпайға ие болып, Гран-при ойындарын сегізінші орында аяқтады.

Жарыс жеңімпаздары — бірінші орында испандық Хавьер Фернандес, екінші орында жапондық Сома Уно, үшінші орында өзбекстандық Миша Ге.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қысқа және еркін бағдарламадан кейін 200,98 балл жинап, бесінші орынға табан тіреді. Ресейліктер Алина Загитова (213,80 балл) мен Мария Сотскова (208,78) алғашқы екі орынды иеленсе, канадалық Кейтлин Осмонд (206,77) үздік үштікті түйіндеді.


 

Соңғы жаңалықтар