Фристайлшыларымыз Универсиаданың екінші алтынын қоржынға салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фристайлшыларымыз Универсиаданың екінші алтынын қоржынға салды

Фристайлшыларымыз Универсиаданың екінші алтынын қоржынға салды

Фристайлшы микс түрінен сынға түскен Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында ф

  • 31 Қаңтар 2017
  • 555
Фото - Caravan.kz

Фристайлшы микс түрінен сынға түскен Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында фристайлдан алтын медальді жеңіп алды, — деп сүйінші сұрайды Vesti.kz.

Суперфиналда біздің жұп 167.05 ұпай жинап екі бірдей қытайлық жұптан мықты шығып, алтын жүлде алды. Ал ақтық сында қытай спортшылар 113.02 және 87.77 ұпай жинады.

Еске салайық, бірінші алтынды Райкова екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өткен еді. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).

Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетіп, +3:10).


Кеше, Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медаль алған болатын. (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыстан). Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.

Соңғы жаңалықтар