Футбол: 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы тұңғыш рет «Валентин Гранткин мемориалына» қатысқалы отыр
Қазақстаның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 5-13 желтоқсан күндері Санк-Петербор қаласында өтетін 15-ші «Валентин Гранткин мемориалына» қатысуға аттанып кетті. Аға бапкер Михаил Соловьев бастаған жаттықтырушылар алқасы онда 18 спортшыға үміт артпақ. |
Оның бесеуі «Қайрат» (Алматы), төртеуі «Ертіс»(Павлодар), үшеуі «Астана», ал өзге алтауы «Ақтөбе», «Атырау» «Восток» (Өскемен), «Тараз», «Тобыл» (Қостанай), «Сұңқар» (Қаскелең) командаларынан жиналып отыр. Екеуі қақпашы (Илья Караваев, Михаил Голубничий), алтауы қорғаушы (Қуаныш Советов, Қасымжан Таипов, Мадияр Нұралы, Әбілқайыр Исмаилов, Ернар Қыдырали, Юрий Кузьменко,), алтауы жартылай қорғаушы (Әнуар Жағыппар, Рустам Сахибов, Абай Жүнісов, Нұрлан Даиров, Алтынбек Сапаров Владимир Воменко,), төртеуі шабуылшы (Біржан Сағындык, Әлішер Сүлей, Әділ Балғабаев, Владислав Морозов).
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жарысқа биыл 16 команда қатыспақ. Жеребе бойынша Чехия, Украина, Әзірбайжан, Литва құрамалары «А» тобында, Грекия, Словения, Ресей, Латвия құрамалары «В» тобында, Қазақстан, Иран Түркия, Финляндия құрамалары «С» тобында, ал
Бельгия, Италия, Белорус құрамалары мен алаң қожайындары Санкт-Петербор қаласының командасы «Д» тобында бақ сынайды. Топтық сайыстар 10 желтоқсанда аяқталады. Одан кейін өз тобында бірінші орын алғандар 1-4, екінші орын алғандар 5-8, үшінші орын алғандар 9-12, төртінші орын алғандар 13-16 орынға таласады.
Жалпы ФИФА-ның 1-ші вице-президенті Валентпн Гранаткинді еске түсіруге арналған халықаралық турнир алғаш рет 1981 жылы Мәскеуде өткен болатын. Санк-Петерборда ол 1983 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Онда былтыр 12 команданың арасынан Италия, Финляндия, Түркия, Ресей құрамалары 1-4 орынды өзара бөліскен еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін