Жарияланды: 360

Футбол: «Ақжайыққа» серб қақпашысы Неманья Джоджо келмек

Сербиялық қақпашы Неманья Джоджо бұл күндері Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығына» келіп, бақ сынап көрмек.

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, өткен маусымда сербиялық легионер қызылордалық «Қайсардың» намысын қорғаған болатын, оған дейін бельгиялық «Шарлеруада» ойнаған. Аталмыш жиында «Ақжайық» құрамында тағы үш қақпашы бар. Олардың бәрі де - Орал футболының түлектері Роман Багаутдинов, Стас Покатилов, Андрей Неупокоев. Алдағы күндері команда төрт жолдастық кездесу өткізеді. Әзірге «Ақжайықтың» бас бапкері мәселесі шешілген жоқ. Оралдық команда биылғы чемпионаттағы алғашқы кездесуін 9 наурызда ел чемпионы «Шахтермен» (Қарағанды) өз алаңында өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін