Жарияланды: 490

Футбол: «Астана» командасы жеке дара көш бастап келеді

Футболдан Премьер-лига командалары арасында ел чемпионатының 15-ші турынан кейін елорданың «Астана» командасы жеке дара көш бастап келеді.

Айта кетейік, бұл турдың ойындары кеше өтті. «Астана» клубы Қызылордаға қонаққа барып, жергілікті «Қайсарды» 4:2 есебімен ұтты, сөйтіп 33 ұпаймен турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. 31 ұпаймен екінші орында келе жатқан Талдықорғанның «Жетісу» командасы да бұл турда сырт алаңда ойнағанына қарамастан, жеңіске жетті. Олар Павлодарда «Ертістен» 3:2 есебімен басым түсті. Биылғы маусымда бас жүлдеден үміткер командалардың бірі - «Ақтөбе» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» клубынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Еншілерінде 29 ұпайдан бар бұл командалар әзірге өзара үшінші және төртінші орындарды бөлісіп тұр. 15-ші турдағы қалған матчтардың нәтижелері мынадай: «Восток»-«Тараз» 1:1, «Қайрат»-«Ордабасы» 0:3, «Атырау»-«Тобыл» 0:2.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін