Жарияланды: 430

ФУТБОЛ: «Астана»-«Ақтөбе» матчының өтетін күні ауыстырылды

ФУТБОЛ: «Астана»-«Ақтөбе» матчының өтетін күні ауыстырылды

«Астана»-«Ақтөбе» матчы 14 тамыздан 13 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды, «Астана» ФК баспасөз қызметінен.

Оған себеп - «Астана» футбол клубы УЕФА чемпиондар Лигасының плей-офф раундына қатысады. 

Аталған матч Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда 13 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де) басталады. 
Ал дубльдегі құрамдар жекпе-жегі бір күн бұрын, 12 тамызда Ақтөбе қаласындағы №8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің алаңында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін