Футбол: Атыраулықтардың Түркиядағы алғашқы спаррингтік қарсыласы - Қытайдың «Далянь Шиде» командасы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Атыраулықтардың Түркиядағы алғашқы спаррингтік қарсыласы - Қытайдың «Далянь Шиде» командасы

Футбол: Атыраулықтардың Түркиядағы алғашқы спаррингтік қарсыласы - Қытайдың «Далянь Шиде» командасы

Бүгін Түркияның Анталия қаласында черногориялық Миодраг Радулович жаттықтыратын «Атырау» футбол клубы алғашқы спаррингтік кездесуін өткізеді.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz

Олардың қарсыласы Қытай Суперлигасында өнер көрсететін Далянь қаласының «Далянь Шиде» командасы болмақ. Өткен маусымда 14-ші орын алған бұл команда Қытай чемпионатында кәсіби деңгейде 1994 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін 8 дүркін (1994, 1996-1998, 2000-2002, 2005) ел чемпионы, 2 дүркін (2001, 2005 ) ел кубогының иегері атанып, 3 рет (1999. 2003, 2006) финалист және бір рет (2001) Азияның клубтық чемпионатының финалисі болды. Өткен жылы команда құрамында Болгария, Бразилия, Замбия, Португалия, Корея елінің 5 легионері өнер көрсеткен еді.

Бұл атыраулықтардың Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында жоспарланып отырған 4 спаррингтік кездесуінің біріншісі болмақ. Бұдан кейін олар 20, 23, 27 күндері 3 кездесу өткізіп, 29-ында жиынын аяқтамақ. Оған команданың негізгі құрамнан Сергей Бойченко, Владимир Плотников, Нұрболат Қалменов, Сергей Куцов, Боян Тркуля, Валентин Чуреев, Дорде Туторич, Луис Сандро, Евгений Овшинов, Николай Сараев, Тарас Данилюк, Никола Миланкович, Денис Родионов, Артем Фомин, Сергей Шафф, Айбар Нұрыбеков, Лоренсо Фаусто қатысуда. Бас бапкер сондай-ақ, өзге командалардан Мұрат Сүймағамбетов (Тараз), Мадияр Момынов (Цесна), Роман Похолюк (Ордабасы), Анатолий Малков (Қайсар), Алексей Шакин (Восток), Бейбіт Тәтішев (Байтерек), Аслан Дарабаев (Ақтобе), Азиз Асанов (Іле Сәулет), Валерий Миллер (Қызылжар), Денис Прокопенко (Астана) және Абзал Жұмабаев пен Константин Баграмянді және қосалқы құрамнан Райымбек Қауанов, Дәурен Кайыралиев, Асылбек Сейітқалиев, Азамат Ізбасаров, Нұрсұлтан Мәдиев пен Алексей Родионовты қосып отыр.