ФУТБОЛ: Франция - Қазақстан алғаш рет кездеседі


«Бордо» мен «Қайрат» арасындағы матч екі ел клубтарының алғашқы кездесуі болмақ. Франция біздің футболшыларымыз еурокубок шеңберінде кездескен УЕФА-ның 38-ші елі болғалы отыр.

Айта кетейік, қазақстандық клубтар әзірге Әзербайжан, Англия, Андорра, Гибралтар, Италия, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Португалия, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Фарер аралдары және Черногория футболшыларымен алаңда бірге доп теуіп көрген жоқ.