Жарияланды: 440

Футбол: Көш басындағы колмандалар ойсырай ұтылды

26 мамырда футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 13-ші тур ойындары өтті.

Бұл турда көш басындағы командалар сырт алаңда ойнап, қарсыластарынан ірі есептермен ұтылып қалды. Мәселен, Астананың «Локомотив» командасы Павлодарда «Ертіске» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Ал «Ақтөбе» болса Алматыда 0:3 есебімен «Қайрат» командасына есе жіберді. Бұл турдағы қалған ойындардың нәтижелері мынадай: «Восток»-«Шахтер» 1:2, «Атырау»-«Ордабасы» 1:1, «Тобыл»-«Жетісу» 1:0, «Қайсар»-«Тараз» 1:0. 13-ші турдан кейін 27 ұпай жинаған «Локомотив» бірінші орында келеді. Екінші және үшінші орындарда 26 ұпайлары бар «Ақтөбе» мен «Шахтер» тұр. Үздік бестіктің қатарында, сонымен қатар, «Жетісу» мен «Ертіс» командалары келеді. Мергендер көшін қарсыластарының қақпасына 8 доп тоғытқан «ақтөбелік» Марат Хайруллин бастап тұр. «Шахтер» ойыншысы Сергей Хижниченко 7 доппен екінші орында. «Ақтөбе» клубының тағы бір ойыншысы Малик Мане 6 гол соғып, үздік үштіктің қатарында тұр. 14-ші турдың матчтары 8 маусымда өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть