Жарияланды: 520

ФУТБОЛ: Нүркен Мазбаев Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды

ФУТБОЛ: Нүркен Мазбаев Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды

Қазақстан Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Қазақстан чемпионатының ең үздік сұрмергендерінің бірі Нүркен Мазбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ.

Нүркен Қалдыбекұлы Қазақстанның жоғары дивизионында 362 матч өткізіп, 138 гол соққан. Кейін Бірінші лиганың ОСШИОСД (Тараз), «Лашын» (Қаратау) клубтарында бас бапкер қызметін атқарды. Сонымен қатар, «Тараз» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі болды. Соңғы уақытта Жамбыл облыстық футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.

Нүркен Мазбаев енді Юрий Красножан жетекшілік ететін бапкерлік штабтың құрамына кірді, деп хабарлайды Kazsport. kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін