Футбол: Оралдың «Ақжайығы» маусымды сегізінші орынмен қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Оралдың «Ақжайығы» маусымды сегізінші орынмен қорытындылады

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» маусымды сегізінші орынмен қорытындылады

28 қазан күні футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

  • 29 Қазан 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

«Оқжетпес» — биылғы маусымда көш соңында қалып, премьер-лигамен қош айтысқан команда. Сондықтан болар, ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтті. «Ақжайық» сапынан чехиялық жартылай қорғаушы Павел Черных пен словакиялық қорғаушы Милош Брезински гол соғып, командасына жеңіс әперді (қонақтардан Давид Чагелишвили матч соңына таман есепті қысқартуға ғана мүмкіндік алды). Бұл екі ойыншы да екінші айналымда Оралға келген болатын. П.Черны шабуыл шебін күшейту мақсатында алынса, М.Брезински маусым барысында жарақат алып қалған болгар қорғаушысы Янко Валкановты алмастырған еді.

Жалпы, бірінші айналымды сәтті бастап, талайды таңғалдырған «Ақжайық» маусымның екінші бөлігінде «жүрісінен жаңылып», көп ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Сөйтіп маусым ортасына дейін көш бастаушылардың қатарында жүрген словакиялық маман Йозеф Шкрликтің шәкірттері бірте-бірте сырғып барып, барлығы 34 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады. Команданың сүреңсіз ойнауына футболшылардың бірнеше ай бойы жалақы алмауы да себеп болған сияқты. Ендігі міндет бережақтан құтылып, жаңа маусымға тиянақты дайындалу болмақ.

Соңғы жаңалықтар