Футбол: Өз алаңындағы матчта «Астана» «Атлетико»-мен тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Өз алаңындағы матчта «Астана» «Атлетико»-мен тең түсті

Футбол: Өз алаңындағы матчта «Астана» «Атлетико»-мен тең түсті

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана-Арена» стадионында кездескен

  • 4 Қараша 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz


елордамыздың «Астана» командасы мен испандық «Атлетико» клубы бір-бірінің қақпасына гол сала алмады. Осылайша, екі команда да топтық кезеңнің бір-бір ұпайына ие болды. 

Бірінші таймнан кейін алаң қонақтары шабуылды үдетіп, «Астана»-ның қақпасына гол салуға тырысты. Алайда «Астана» командасы осал емес екенін дәлелдеп, «Барселона» мен «Реалды» жеңген «Атлетико»-мен тең түсті. Тіпті, керісінше, «Атлетико» қақпашысын састырған сәттер көп болды. 
Ойын барысында Бауыржан Жолшиев ескерту алса, Марин Аничича мұрнын жаралады. Ойын соңында испандықтар шабуылды үдетіп, «Астана» қақпасының алдында қауіпті сәттер көбейе түсті. Бірақ «Астананың» қақпашысы Ненад Эрич пен өзге де футболшыларының мықты ойыны матч соңына дейін есепті тең ұстады. 
Естеріңізге сала кетейік, 22 қазан күні «Астана» командасы Мадридте «Атлетико» клубынан 4:0 есебімен ұтылып қалған еді.
«Астана» командасының бүгінгі құрамы: Ненад Эрич, Марин Аничич, Неманья Максимович, Фокси Кетевома, Серікжан Мұжықов, Бауыржан Жолшиев, Бранко Илич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Роджер Каньяс, Джуниор Кабананга.
Резервтегі ойыншылар: Владимир Логиновсий, Денис Дедечко, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Алексей Щеткин, Игорь Пикалкин, Абзал Бейсебеков.
«Атлетико» командасының ойыншылары: Облак, Диего Годин, Гильермо Сикейра, Тьяго, Коке, Антони Гризманн, Фернандо Торрес, Габи (к), Сауль, Хуанфран, Хосе Мария Хименес.
Енді 25 қарашада сағат 21.00-де қазақстандықтар лиссабондық «Бенфика»-ны қабылдайды. 

Соңғы жаңалықтар