«Футбол патшасы» дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Футбол патшасы» дүниеден өтті

«Футбол патшасы» дүниеден өтті

Футбол тарихында аты аңызға айналған әйгілі футболшы, Бразилия елінің бағына біткен Пеле өмірден озды.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 22
Фото - Caravan.kz

Пеленің қызы Кристина Насименту Instagram-дағы парақшасында қаралы хабармен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Естеріңізде болса, 26 желтоқсанда Пеле отбасымен қоштаса бастағаны туралы ақпарат тараған еді. Чемпионның жағдайы күн өткен сайын нашарлай түскен.

Бұған дейін Пелеге жалпы денесі ісінген деген диагноз қойылды. Жүрегі де қалыпты жұмыс істемеген. Соңғы айларда қабылдаған химиотерапиялардан да оң нәтиже болмаған. 2021 жылдың қыркүйегінде Пелеге тоқ ішек ісігі диагнозы қойылды. Тоқ ішегіндегі ісікті алып тастау үшін ота жасалып, ол бір айға жуық ауруханаға таңылды.

Пеле — әлемдік футбол тарихында үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соқты. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соққан, сонысымен де ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера