Футбол: ҚР чемпионатының Бірінші лига додасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: ҚР чемпионатының Бірінші лига додасы басталды

Футбол: ҚР чемпионатының Бірінші лига додасы басталды

Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында доп додасы басталып, бірінші турдың ойындары өтті.

  • 18 Сәуiр 2017
  • 440
Фото - Caravan.kz

Биыл ҚР чемпионатының Бірінші лигасында тоғыз-ақ команда ойнайды. Премьер-лигадан түсіп қалған «Алтай» Бірінші лигаға да тұрақтай алмай, ІІ лигадан бір-ақ шықты. Оның орнына ешбір команда қосылмады. Сөйтіп, Бірінші лигадағы командалар саны тақ, яғни тоғыз болды. Әрине, бұл әр турдың ойынын өткізгенде қолайсыздау. Әрбір турда бір команда ойнамайды. Мысалы, бірінші турда «Шахтер-Болат» командасы қарсылассыз қалып, ойнаған жоқ.   

Бірінші лига.

1-тур. «Жетісу» — «Қайрат А» — 3:0 (2:0)

Голдар: Касьянов, 2. Бургию, 22. Нұрмұғамет, 69. 69-минутта Нұрмұғамет пенальти соға алмады.

Ескертулер: Касьянов, 58. Данилюк, 61 — Жағыппар, 41. Парагульгов, 70. Ұмашев, 75.

«Жетісу»: Колбунцов, Бургию, Касьянов, Таңжарықов, Нұрмұғамет (Әділ, 72), Әділханов, Балтабеков (Вяткин 81), Керімжанов, Данилюк, Шакин (Әбденаби, 85), Хромцов (Сердюков, 63).

Қосалқы құрам: Шабанов, Досқалиев, Орынбасар, Покатилов, Левин.

«Қайрат А»: Грошев, Сәрсенов, Гладченко (Нүсіп, 78), Әбікен, Кривенцев (Люхай, 58), Парагульгов (Оразов, 87), Жағыппар, Мұсаев (Қасым, 74), Ұмашев, Тұрысбек, Балтабаев.

Қосалқы құрам: Нұрәділ, Сұлтан, Сматов, Қыдырәлі, Хабаев.

Төрешілер: Лесив, Якбаров (екеуі де — Семей), Вилимзонов (Өскемен)

15 сәуір. Талдықорған. «Жетысу» стадионы (қосалқы алаңы). 1 000 көрермен  

«Мақтаарал» — «Қызыл-Жар СК» — 2:1 (1:1)

Голдар: Гунченко, 9 (0:1). Махамбетов, 21 (1:1). Задорожный, 84 (2:1).

Ескертулер: Саурамбаев, 55. Махамбетов, 68. Кәмбіл, 78 — Павинич, 17. Жанұзақов, 25. Шевченко, 64.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Лебединский, Алекперзаде (Ілімов, 90), Задорожный, Махамбетов, Шубаев (Зверев, 65), Саурамбев, Арипов, Аулабаев, Кәмбіл (Кәрімов, 90+2), Оралбай (Нәбиев, 77)

Қосалқы құрам: Хамытбеков, Құлымбетов, Орынбеков, Мирсалимбев, Хамзин.

«Қызыл-Жар СК»: Закиров, Серғалиев (Хайыров, 81), Әубәкіров, Кулибали, Аитов, Алиев (Дубков, 88) (к), Гунченко, Жанұзақов, Кисметов (Соколенко, 62), Павинич, Шевченко

Қосалқы құрам: Багаутдинов, Бажич, Ступич, Седельников, Сұлтанов Төрешілер: Быстров (Қарағанды), Стасенко (Талдықорған), Дауанов (Семей) 1


5 сәуір. Атакент қонысы. «Алпамыс Батыр» стадионы. 1 500 көрермен   

«Каспий» — «Байқоңыр» — 1:2 (1:1)

Голдар: Алтынбеков, 12 (0:1). Пурышкин, 13 (1:1). Махан, 81 (1:2).

Ескертулер: Мусса, 16. Жақыпов, 85 — Балымбетов, 26. Кемалұлы, 35.

«Каспий»: Мұқанов, Нәбиханов, Қабылан (Ешенқұл, 57), Чалкин, Коне (к), Мусса, Пурышкин, Қадырбаев (Узденов, 83), Жанысбаев, Рымтаев, Оразаев (Жақыпов, 73). Қосалқы құрам: Аязбаев, Тайкенов, Қуанышев, Алқамбеков.

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Аяжан (Сейітханов, 76), Махан, Сарыбай, Балымбетов (Дүйсенбаев, 46), Кемалұлы, Қарабек (к) (Абзалов, 87), Рүстемов, Төлегенов, Алтаев (Төлегенұлы, 78), Алтынбеков.

Қосалқы құрам: Тілеуов, Тәңірбергенов, Дүйсембаев.

Төрешілер: Сариев (Орал), Мыңбаев (Қаратау), Волков (Атырау)

15 сәуір. Шымкент. Стадион «Намыс». 100 көрермен  

«Қыран» — «Екібастұз» — 3:0 (2:0)

Голдар: Тәжмағамбетов, 4. Аллашүкіров, 28. Бөрібай, 60.

Ескертулер: Абутов, 11 — Берсүгіров, 29. Бегалин, 72.

«Қыран»: Қаленов, Абутов (Фоменков, 70), Тәжмағамбетов (Мұхтар, 88), Жолдасов (Ахымбеков, 73), Жақсыбайұлы, Аллашүкіров, Ермұрзаев, Бөрібай (Амангелді, 76), Манекеев, Тілеумбет, Әліпбек.

Қосалқы құрам: Тоқтарбай, Тұрсын, Сүлейменов, Төреханов, Әметов.

«Екібастұз: Айдарғалиев, Рамаханов, Еркін (Әнуарбеков 57), Айменов, Аллаяров (Зейноллин, 46), Бралин, Берсүгіров, Бегалин, Джамаришвили (Головешкин, 68), Жұмкенов (Назаров, 46), Әбдібеков.

Қосалқы құрам: Нарымбаев, Оразалиев, Бурцев, Сүлейменов, Саденко.

Төрешілер: Байымбет (Тараз), Қожабеков, Ахметов (екеуі де — Қызылорда)

15 сәуір. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 500 көрермен

Дереккөз: Астана футбол федерациясы  

 

Соңғы жаңалықтар