Футбол: «Тобыл» «Ворскла» командасынан 0:1 есебімен жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Тобыл» «Ворскла» командасынан 0:1 есебімен жеңілді

Футбол: «Тобыл» «Ворскла» командасынан 0:1 есебімен жеңілді

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың «Тобыл» футбол командасы Украинаның Полтова қаласының «Ворскла» командасымен спарингтік кездесу өткізді.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz

Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар бұл ойында 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Сергей Свистун баптайтын полтовалықтар Украина Премьер-Лигасында 2011/2012 жылғы маусымда 8-ші орын алған болатын. Ел чемпионатында 1196/97 жылғы маусымда қола жүлдегер атанып, 2008/2009 жылғы маусымда Украина кубогын иеленген «Ворсклалықтар» УЕФА рейтингінде 130-шы, ал IFFHS рейтингінде 215-ші сатыда тұр.

Ал Қазақстан чемпионатында 2012 жылы 6-шы орынға табан тіреген «Тобылдың» келесі спаррингтік кездесуін 17-сі күні Мәскеу қаласының «Торпедо» командасымен өткізбек. Одан кейін 21-інде Новокузнецк қаласының «Кузбас» аяқдопшыларымен күш сынаспақ.