Caravan Logo

Футбол: «Тобыл» «Ворскла» командасынан 0:1 есебімен жеңілді

Футбол: «Тобыл» «Ворскла» командасынан 0:1 есебімен жеңілді

Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар бұл ойында 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Сергей Свистун баптайтын полтовалықтар Украина Премьер-Лигасында 2011/2012 жылғы маусымда 8-ші орын алған болатын. Ел чемпионатында 1196/97 жылғы маусымда қола жүлдегер атанып, 2008/2009 жылғы маусымда Украина кубогын иеленген «Ворсклалықтар» УЕФА рейтингінде 130-шы, ал IFFHS рейтингінде 215-ші сатыда тұр.

Ал Қазақстан чемпионатында 2012 жылы 6-шы орынға табан тіреген «Тобылдың» келесі спаррингтік кездесуін 17-сі күні Мәскеу қаласының «Торпедо» командасымен өткізбек. Одан кейін 21-інде Новокузнецк қаласының «Кузбас» аяқдопшыларымен күш сынаспақ.