Футболдан ӘЧ: Доп додасының тоғызыншы күні қандай матчтарды көреміз - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ӘЧ: Доп додасының тоғызыншы күні қандай матчтарды көреміз

Футболдан ӘЧ: Доп додасының тоғызыншы күні қандай матчтарды көреміз

Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында G және H топтарының ойындары өтеді.

  • 28 Қараша 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

G тобында Бразилия мен Швейцария құрамалары өзара сайысқа түссе, Камерун мен Сербия командалары алғашқы ұпайларын алуға тырысады.

Рональду бастаған Португалия құрамасы уругвайлықтарды жеңген жағдайда 1/8 финалға мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал Оңтүстік Корея құрамасы Гана ұлттық құрамасымен кездеседі. 

Барлық матчтарды қазақстандықтар Qazsport телеарнасынан көре алады.  

16:00. G тобы.
Камерун – Сербия (Qazsport)
19:00. H тобы. Оңтүстік Корея – Гана (Qazsport)
22:00. G тобы. Бразилия – Швейцария (Qazsport)
01:00. H тобы. Португалия – Уругвай (Qazsport)

Соңғы жаңалықтар