Кеше, яғни 18 желтоқсан күні Катарда 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында Аргентина мен Франция арасында финалдық ойын өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ойын нағыз драмаға толы алма кезек голдармен өрбіді. Бірінші таймда Аргентина 2 доп салып басымдықпен аяқтаған еді. Алайда екінші тайм 2-2 есебімен тең аяқталды.
Ал қосымша уақытта 3:3 есебімен аяқталды.
Осылайша, командалар пенальти теуіп, Аргентина басым түсті. Міне осылай Аргентина 3 мәрте әлем чемпионы атанды.