1/8 финалда Марокко мен Испания құрамалары кездесті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Екі құрама негізгі уақытта есеп аша алмады. Ойын барысында қос құраманың да гол соғатын мүмкіндіктері болды.
Қосымша уақытта да екі команда бір-бірінің қақпасына доп соға алмады. Ақыры пенальти белгіленді.
Пенальти тебуде Марокко мүлт кеткен жоқ. Ал қақпашысы бірнеше мәрте испандықтар соқққан допты қайтарды. Осылайша олар тағы бір мәрте сенсация жасап, ширек финалға өтті.
Марокко биыл әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1986 жылы 1/8 финалға дейін жеткен еді.