Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін қандай ойындарды көре аламыз
![]() |
Катардағы доп додасының 12-ші күні. |
Бүгін футболдан әлем чемпионатының E және F тобында соңғы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл күні F тобында Канада мен Морокко, Хорватия мен Бельгия командалары өзара жолдамаға таласады.
Е тобындағы төрт команданың да 1/8 финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Бірақ Испанияны тең ойын да қанағаттандырады, ал Германия, Коста-Рика және Жапонияға тек қана жеңіс керек. Ендеше бұл топта тартыс өте қызу болады.
Катарда өтетін төрт матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
21:00. F тобы. Канада – Марокко (Qazsport)
21:00. F тобы. Хорватия – Бельгия (Qazaqstan)
01:00. E тобы. Коста-Рика – Германия (Qazsport)
01:00. E тобы. Жапония – Испания (Qazaqstan).
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін