Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар бас жүлдені алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар бас жүлдені алды

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар бас жүлдені алды

2016 жыл 27 мамыр мен 5 маусым аралығында Мәскеу қаласында әртістер арасында футболдан Әлем чемпионаты өтті. Елімізден бұл чемпионатқа “Алатау” футбол клубы қатысты. Бүгін марапаттау рәсімі болып, қазақстандық жұлдыздар құрамасының бас жүлдені иеленгені белгілі болды.

  • 3 Маусым 2016
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Мәскеу қаласында өткен футболдан Әлем чемпионатына қазақстандық шоу бизнес өкілдері де қатысты. Олар – Арман Қоңырбаев, Ғаділбек Жанай, Аян Бірбаев, Тәуекел Мүслім, Айдар Рысбек, Әділжан Омаров, Нұржан Керменбаев, Ерлан Әлімов, Ақылбек Жеменей және т.б.-лар.

“Алатау” клубы Әлем чемпионатында осымен 3 рет бақ сынады. Осы уақытқа дейін 9 және 5 орындарды иемденген болатын. Биыл да чемпионатқа 16 ел қатысып, жеребе бойынша 4 топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы С тобында Аргентина, Иран, Словакия елдерімен ойынға түсті.


Алғашқы кездесуде 7:0 есебімен Аргентина әншілер құрамасын ұтқан. Бұдан кейін Словакиямен ойнап, қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірген. Ал 1 маусым күні өткен Қазақстан-Иран арасындағы шешуші ойында екі жақ тең түскен.

Бүгін чемпионаттың қорытындысы жарияланып, қазақстандық “Алатау” құрамасының бас жүлдені алғаны белгілі болды. Бұл қуанышты хабарды Нұржан Керменбаев жеткізді.

Соңғы жаңалықтар