Футболдан еліміздің жастар құрамасы румындармен тең ойнады
Қазақстанның футболдан жастар құрамасы Еуропа -2013 жастар чемпионатының іріктеу турнирінде сыртқы алаңда өнер көрсетіп, Румыния командасымен болған ойынды тең есеппен аяқтады. |
Бұл туралы Қазақстанның Футбол федерациясы хабарлады.
Жастар құрамасына аға жаттықтырушылыққа жақында келген Слободан Крчмаревичтің дебюттік ойыны Румыния құрамасына қарсы болды және сыртқы алаңда өтті.
Ойынның алғашқы 15 минутында біздің жігіттер басымдық көрсеткенімен, кездесудің ортасына қарай алаң иелері естерін жинап, жақсы ойын көрсете бастады. Дегенмен, екі кезеңде де командалар есеп аша алмады. Ойын 0:0 есеппен аяқталды.
Қазақстандықтар Турга-Мурештен нөлдік тең есеппен қайтқанымен, жаман футбол ойынын көрсеткен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін